Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСаясат

Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты

Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты, деп хабарлайды bairak.kz.

Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапарымен келген Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты.

Іс-шараға Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты.

Кездесу барысында ТМД аясындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективасы және Ұйым қызметінің басым бағыттары талқыланды.

Сәйкес жаңалықтар

Былтыр 263 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді

bairakkz

Төрткүл көз тіккен тартыс

bairakkz

Мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады

bairakkz