Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСпорт

«Барыс» бюджет қаражатын тиімсіз жұмсаған – Антикор

Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Барыс» хоккей клубында бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалғанын алға тартты. Антикор төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұловтың айтуынша, соңғы алты жылда бөлінген 49 миллиард теңгенің басым бөлігі легионерлерге жұмсалған, деп хабарлайды bairak.kz.

Алты жылда «Барыс» клубына 49 миллиард теңге бөлінген. Бұл қаражаттың басым бөлігі шетелден келген ойыншыларға берілген. Қазір ол хоккейшілер жоқ та, яғни қаражаттың тиімсіз жұмсалғанын көріп отырмыз. Әйтпесе осы аралықта түрлі кешендер салуға болатын еді. Бұл дегеніміз қомақты қаражат мақсатсыз жұмсалған дегенді білдіреді, — деді Сарқұлов.

Агенттік өкілі министрлік пен федерация басшыларына бюджет қаражатына қатысты ұсыныстар берілгенін де алға тартты.

Спорт саласында ауқымды сараптама жүргізіп, министрлік пен федерацияларға бірқатар нақты ұсыныс бердік. Қазір «Барыс» клубының басшылығында, ойыншылар сапында өзгерістер болғанын көріп жатсыздар. Министрлік осы мәселе бойынша жүйелі түрде жұмыс істеп жатыр деп ойлаймын, — деп қосты ол.

Сәйкес жаңалықтар

Колумбияда су тасқыны салдарынан төтенше жағдай жарияланды

bairakkz

Дариға Назарбаеваның сенімді серігі қызметінен кетті

bairakkz

«Бекзат Саттархановтың өлімі сабақ болу керек еді». Амалбек Тшанов боксшыларға ренішін білдірді

bairakkz