Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСаясат

Президент Италия министрлер кеңесінің төрағасымен кездесті

Мемлекет басшысы «Абу Дабидің орнықты даму апталығы» алаңында Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонимен кездесу өткізді, деп хабарлайды bairak.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Джорджа Мелониді туған күнімен құттықтап, достас Италия халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Президент былтыр Римге жасаған ресми сапарын ықыласпен еске алып, соның нәтижесінде Қазақстан-Италия қатынастарының жаңа кезеңіне жол ашылғанын атап өтті, — делінген Ақорда хабарламасында.

Мемлекетаралық ынтымақтастықты жоғары деңгейде сақтау үшін Қасым-Жомарт Тоқаев Джорджа Мелониді Астанаға ресми сапармен келуге шақырды.

Сәйкес жаңалықтар

Конституция мәтінінің 84 пайызы түзетілді

bairakkz

Прокурор қоғам белсендісі Оразалы Ержановқа 4 жыл шартты жаза сұрады

bairakkz

Балиде әйелімен демалып жүрген Бүркіт қазақстандықтарға ренішін айтты

bairakkz