Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСпорт

178 келілік қазақ сумошысы жанкүйерлердің ортасына опырылып түсті

Кимбодзан Харуки лақап атымен танымал Ерсін Балтағұл Жапония императорының кубогында үшінші орын алды, деп хабарлайды bairak.kz.

Шешуші айқастарда Балтағұл моңғолиялық сумошы Сугаррагчаагийн Бямбасурэнмен (Хосёрю Томокацу) және Охо Коносукэмен кездесіп, екеуінде де жеңіліс тапты. Бямбасурэнмен өткен жекпе-жекте Балтағұл жанкүйер отырған жаққа қарай құлап кетті.

Қазақстандық балуанның салмағы — 178 килограмм.

Айта кетейік, Кимбодзан Хируки – үздіктер қатарына іліккен қазақстандық жалғыз балуан. Ол Алматы облысында туып, ұзақ уақыт бойы дзюдомен шұғылданған. Жапонияға моңғолиялық танымал спортшы Асасерю Акиноридің (Таңғы Көк Айдаһар) кеңесімен аттанған. Ерсін өзінің лақап атын ұстазы Кисэнің туған жері Кумамото префектурасындағы таудың құрметіне алған.
Сумода шетелдіктер саны шектеулі. Қазақстандық балуан отставкаға кеткен грузиялық Теймураз Джугелидің орнын басты.

Сәйкес жаңалықтар

Елімізде «декретке миллионмен» шыққан 113 ана сотталуы мүмкін

bairakkz

Дариға Назарбаеваның сенімді серігі қызметінен кетті

bairakkz

Баян Алагөзова өсіп қалған қыздарын көрсетті

bairakkz