Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

АРЫНДЫ «АҚТӨБЕНІ» ЖЕҢДІ

                             Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт сарайында волейболдан жоғарғы лигадағы ерлер командалары арасында Қазақстан Республикасының XXVII чемпионатының I тур ойындары аяқталды. Дүрмекті додада Шымкент қаласынан келген «Динамо-Қазығұрт», Қостанай облысынан «Динамо-Қостанай», Ақтөбе облысынан «Ақтөбе», Қызылорда облысынан «Қайсар», Батыс Қазақстан облысынан «Жайық» және Алматы облысының «Жетісу-Жастар» командалары бақ сынасты. 

Бұл турдың соңғы ойыны «Жетісу – Жастар» мен «Ақтөбе»командалары арасында өтті.  Волейболшылар барын салып әдемі ойын өрнегін көрсетті. Әуе добының шеберлері бірде жойқын соққыларымен ала допты ұршықша иірсе, енді бірде қорғаушылардың желкесінен асыра салып та ұпай жинады. Асқан шеберлік пен тактиканы паш еткен спортшылар нағыз классикалық ойын үлгісін көрсетті. Нәтижесінде қарсыластарын қоғадай жапырған ақтөбелік волейболшыларды жетісудың жұдырықтай түйілген жастары 3:1 есебімен жеңді.

Әйсе де алғашқы турдың қорытындысы бойынша «Ақтөбе» командасы көш бастап тұр. Тек алаң қожайындарынан жеңілген ұжым 12 ұпай жинаса, жергілікті «Жетісу – Жастар» мен «Динамо-Қазығұрт» еншісінде 10 ұпай. «Қайсар» командасы 9, «Жайық» 4 ұпайды еншілесе, «Динамо-Қостанай» бұл турда ұпай ала алмады.

 

Сәйкес жаңалықтар

ЛОЗАННА – 2020: ЖҮЛДЕСІЗ ОЛИМПИАДА

bairakkz

Қазақстан мен Армения президенттері келіссөз жүргізді

bairakkz

Шетелдік жанкүйерлер Жәнібек Әлімханұлын жазалауды талап етіп жатыр

bairakkz