Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Елімізде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мамандардың тізілімі енгізілді

Ұйымдарда көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің (бұдан әрі – АӘҚ) сапасын арттыру мақсатында 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда АӘҚ көрсететін мамандардың тізілімі енгізілді, деп хабарлайды bairak.kz.

Тізілім – бұл Әлеуметтік қызметтер порталында тіркелген мамандардың электрондық тізімі, онда әлеуметтік қызметкер туралы толық ақпарат бар: жеке деректері, білімі, біліктілікті арттыру туралы мәліметтері, аттестаттаудан өту туралы мәліметтері, жұмыс тәжірибесі және т. б.

Тізілім арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін барлық мамандардың тізбесін тиімді қалыптастыруға, әлеуметтік қызметкерлер туралы ақпаратқа қолжетімділікті жақсартуға және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Қазақстанда 2024 жылдың қорытындысы бойынша 1023 объекті бөлімшелерін ескере отырып, барлығы 502 мемлекеттік ұйым және 122 ҮЕҰ арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді. Олардың ішінде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары, күндізгі болу орталықтары, оңалту орталықтары мен үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері, уақытша болу орталықтары және дағдарыс орталықтары бар, — делінген ақпаратта.

Әлеуметтік қызметкерлер бүгінде 8 қызмет түрін көрсетеді, олар: әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-еңбек және әлеуметтік-медициналық қызмет.

АӘҚ оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, олардың алушыларының жасын және денсаулық жағдайын, сондай-ақ тұру жағдайларын ескере отырып тағайындалады.

Фото: gov.kz

Сәйкес жаңалықтар

«ГОЛ СОҚТЫ»: БАУЫРЖАН ИСЛАМХАН «ЗЕНИТТЕ» ОЙНАУЫ МҮМКІН

bairakkz

Жетісу облысының бейнесі

bairakkz

ЕГІЗДІҢ СЫҢАРЫ ДАУЫС БЕРДІ

bairakkz