Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

Жетісуда сайлау барысы бақылауда

Бүгін Жетісу облысында өтіп жатқан елімізге маңызды күні біздің «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы » республикалық қоғамдық бірлестігінің Жетісу облыстық филиалы мамандарының жұмысы 7-00 де басталды.
Бүгін, 19 наурыздағы ҚР Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауына біздін ұйымнан 600-ден астам қоғамдық байқаушылар қатысып отыр.
Партиялық емес байқау орталығы өңірдегі барлық сайлау учаскелерін қамтыған. Учаскелік пункттерде жұмыс істеп жатқан мамандардың тәжірибесі бар екеніне кепілдік беремін. Барлығы өздеріне жүктелген міндетке асқан жауапкершілікпен қарайды. Байқауымызша дауыс беру учаскелерінде қауіпсіздік шаралары да жан-жақты ескерілген. Бұл дауыс беру процесінің қалыпты жағдайда өтуіне септеседі.

 

 

Орталық пен байқаушылар азаматтық қоғамның белсенді бөлігі ретінде әділ дауыс беру үшін жауапкершіліктің үлесін сезіне отырып, сайлаудың заңдылығын, адалдығы мен ашықтығын қадағалауда. Сайлау кезінде байқаушылар мен үйлестірушілер өзара әрекеттесу алгоритміне сәйкес өзара әрекеттеседі.
Бірер ай бұрын Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда алдын ала дайындалған аудандық үйлестірушіден тұратын облыстық штаб құрылып, стационарлық және мобильдік байқаушыларды іріктеу жұмыстары жүргізілді. Іріктеу барысында өзімізге жақсы мамандар даярлап алып, бүгінгі науқанға жұмылдардық. Іріктеуден өткен соңғы тренингте төтенше жағдайлардағы іс-қимыл тәртібі мен алгоритмі, арандатушылыққа қарсы тұру және сайлау процесіне барлық қатысушылардың заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері қарастырылуда. Сонымен қатар, оқыту әлемдік стандарттар мен қолданыстағы Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық заңы аясында жүруде.

Жанат Төлемісова, «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы » республикалық қоғамдық бірлестігінің Жетісу облыстық филиалының басшысы

Сәйкес жаңалықтар

Сенсация,»Црвена звезда» жеңді!

bairakkz

ЖЕТІСУДА КӨКПАРШЫЛАР СӘЙГҮЛІКТЕРІМЕН КЕЛІП ДАУЫС БЕРДІ

bairakkz

«Болат Тұрлыханов кубогы» турниріне арналған баспасөз мәслихаты өтті

Ришат

Пікір жазу