Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақЖаңалықтар

Кальян шеккен павлодарлықтарға 1,6 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Қоғамдық орындарда кальян шеккен павлодарлықтарға 1,6 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

Павлодар облысында қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салуды бұзғаны үшін тұрғындарға 1,6 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Облыс полицейлері бұл тыйымды сақтау бойынша жедел рейдтер ұйымдастырып, құқық бұзушыларға қатаң шара қолдануда. Облыс аумағындағы демалыс орындары мен ойын-сауық мекемелерін тексеру барысында биылғы жылы 41 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Олардың арасында мекеме иелері, әкімшілері және кальян шеккен келушілер бар. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 1,6 миллион теңгеден асты, ал 21 кальян мен оларға арналған құрылғылар тәркіленді. Беркімбаев көшесіндегі бір мекемеде жас жігіт келушілерге кальян ұсынғаны үшін 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Сонымен қатар кальян қолданған келушіге де 55 мың теңгеден астам айыппұл төлеуге тура келді.

Дүйсембаев көшесіндегі ойын-сауық мекемесінде де осындай жағдай тіркеліп, мекеме иесі мен жеті келуші жауапкершілікке тартылды.

Павлодар облысы полиция департаментінің хабарлауынша, осындай рейдтер алдағы уақытта да жалғасады. Полиция тұрғындарға заңды сақтау қажеттілігін және денсаулыққа зиянды заттардан бас тартуды қатаң ескертеді.

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Қытайдағы Гран-при кезеңіне қатысады

bairakkz

ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕН ҮШ ҚОЛА

bairakkz

Ашхабад-2017: Жүлдегерлер кестесінде Қазақстан нешінші орында

Ришат