Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарШоу-бизнес

Танымал қазақстандық әншіге өрескел айып тағылды

pixabay.com

Алматы полицейлері оғаш оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды bairak.kz.

Козачков телеграм арнасының жазуынша, кеше түнде құқық қорғау органдарына курьер болып жұмыс істейтін кәмелетке толмаған баланың әкесінен арыз түскен.

Кешкі тоғыздар шамасында курьер жігіт бір мекенжайға үш бөтелке сыраны жеткізуге тапсырыс алған. Дүкеннен алып, тұтынушыға апарады. Содан кейін түсініксіз жағдай болған. 17 жастағы жасөспірімнің айтуынша, 40-қа таяған ер адам сыраға тапсырыс беріп, содан кейін бірге ішуді ұсынған. Сол кезде ер адам 11-сынып оқушысын интимдік жерінен ұстап алған. Курьер бала үйіне барған соң әкесіне бәрін айтып береді. Арызда келтірілген уәждерді тексеру аясында полиция қызметкерлері сыраға тапсырыс берген ер адамның пәтеріне барып, оны полиция бөлімшесіне жеткізген, деп жазады арна.

Телеграм арнасының мәліметіне сүйенсек, оқиғаға қатысы бар адамның аты Алмас Кішкенбаев.

 

Сәйкес жаңалықтар

Сәкен Бибосынов өзбек боксшысынан жеңілуіне не себеп болғанын мәлімдеді

bairakkz

Щучинск – Бурабай тас жолында туристік автобус пен жеңіл көлік соқтығысты: 11 адам зардап шекті

bairakkz

Ораза-2026: Сәресі және ауызашарда қандай дұға оқу керек

bairakkz