Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСаясат

Тоқаев Түрікменстанның Сыртқы істер министрін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Түрікменстанның Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен кездесті, деп хабарлайды bairak.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы қазақ-түрікмен қарым-қатынастары барлық бағытта достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік рухында дамып келе жатқанына назар аударды.

Қазақстан Президенті Ашхабад бастамашы болған Бейбітшілік және сенім жылының басталуымен құттықтады. Бұл Түрікменстанның бейтарап саяси ұстанымының 30 жылдығымен қатар келіп отыр, — делінген Ақорда хабарламасында.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанның бітімгершілік бастамаларының маңызы зор екенін айтып, оны табысты жүзеге асыру үшін Қазақстанның жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастыра беретінін атап өтті.

Екі ел арасында экономикалық байланыстар қарқынды дамып, мемлекеттер мүддесіне сай келетін өзекті мәселелер конструктивті тұрғыдан ілгерілеп келеді.

Фото: Ақорда

Сәйкес жаңалықтар

Әдебиет бойынша Нобель сыйлығын кореялық Хан Гаң алды

bairakkz

Меценат Дулат Тастекей әйгілі Harvard бизнес мектебін бітірді

bairakkz

Әлеуметтік қызметкерлер енді біліктілігін арттыру курстарынан өтеді

bairakkz