Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСпорт

Абылайхан Жұбаназар Ташкентте жүлде алды

Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан халықаралық Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды  bairak.kz.

Қазақстан құрамасының спортшысы 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орынға ие болды.

Қола үшін өткен белдесуде Жұбаназар жапондық Сотаро Фудживароны жеңді.

Абылайхан былтыр дәл осы Ташкенттегі турнирді  5-орынмен аяқаған.

Абылайханның бұл Гран Слэм турнирлерінде алған бесінші жүлдесі. Бұған дейін ол 1 күміс, 3 қола алған болатын.

Фото: olympic.kz

Сәйкес жаңалықтар

Астанадағы LRT-ға бір күнде 100 мыңға жуық адам мінген

bairakkz

Талғат Байсуфинов ресми түрде ұлттық құраманың бас бапкері атанды

bairakkz

Димаштың жаңа клипі шықты

bairakkz