Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

«Елден кетіп қалған»: Бас прокуратура Нығматулин бюджет қаражатын ұрлағанын мәлімдеді

Мәжілістің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматулиннің туған ағасы Арғын Нығматулинге тағылған айып белгілі болды, деп хабарлайды bairak.kz.

Дереккөзге сүйенсек, Арғын Нығматулинге қатысты істі Бас прокуратура тергеп жатыр. Және Арғын Нығматулиннен басқа бұл істе тағы бірнеше күдікті бар тәрізді.

«Бас прокуратура Қарағанды облысында хоккейді дамытуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыруға күдікті Арғын Ниғматулин мен басқа да адамдарға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу аясында Арғын Ниғматулин күдікті деп танылды, соттың санкциясымен оған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасынан тыс жерде жүргеніне байланысты іздеуге жарияланды», — деп хабарлады прокуратура.

Айта кетейік, Нұрлан және Ерлан Нығматулиндердің ағасы Арғын Нығматулин «Сарыарқа» Қарағанды хоккей клубының негізін қалап, кейін оны басқарған. Бірақ, 2018 жылы клубтың директорлығынан кеткен.

Фото: Gov.kz

Сәйкес жаңалықтар

Атырау әкімі Пшөн атты иттің өліміне қатысты пікір білдірді

bairakkz

Ғасыр жасқа таянған атамыз дауыс берді

bairakkz

Қазақ тілінде мультфильмдер жасауға 350 миллион теңге бөлінеді — Асхат Аймағамбетов

bairakkz