Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарШоу-бизнес

Сахнадан уақытында кеткен дұрыс — Роза Рымбаева

YouTube/GAKKU TV

«1001 түн» студиясында қонақта болған әнші, Роза Рымбаева сахнамен қашан қоштасуды жоспарлап жүргенін айтты. 

Әншінің айтуынша, өнер иесі сахнадан дер кезінде кеткені дұрыс.

«Сахнадан уақытында кеткен дұрыс деп ойлаймын. Мен де 50 жылдық шығармашылық кешімнен кейін сахнамен қоштасуды жоспарлап жүрмін», – деді Роза Рымбаева.

Сондай-ақ ол жас ұлғайып, денсаулық сыр берген кезде халық алдына шығуды құптамайтынын жеткізді.

«Денсаулық сыр беріп, жас ұлғайғанда халық алдында жүруді дұрыс санамаймын. Уақытында кетсең, көрерменнің жадында жақсы бейнеңмен қаласың», – деді әнші.

Өнер иесінің бұл пікірі әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Көпшілік оның шешімін қолдап, жылы лебіздерін білдірді.

«Өте дұрыс айтасыз», – деп жазды желі қолданушыларының бірі.

«Асылтектілікті білдіріп тұрған жауап, Роза ханым!» – деп пікір қалдырды тағы бір оқырман.

«Міне, нағыз даналық… Әркімнің өз уақыты бар!» – деп жазды желідегілер.

Алайда әншінің сөзімен келіспегендер де табылды. Кейбір желі қолданушылары бұл пікірді Бибігүл Төлегенова мен Мақпал Жүнісова есімдерімен байланыстырып жатты.

«Бибігүл Төлегенованы меңзеп отыр ма?» – деп жазды пікір білдірушілердің бірі.

«Роза апамның ойымен келісе бермеймін. Мақпал – ол Мақпал ғой», – деді тағы бір қолданушы.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Qazaqstan Ұлттық телеарнасы (@qazaqstantv)

Сәйкес жаңалықтар

«Астана арландары финалда

bairakkz

Тоқаев пен Ердоған телефон арқылы сөйлесті

bairakkz

ЕКІ ЖЕҢІС, БІР ЖЕҢІЛІС

bairakkz