Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарШоу-бизнес

Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанның суреті желіні шулатты

Фото: instagram.com/elnur_erezhep

Әлеуметтік желіде танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен оның бұрынғы жары Мөлдір Мұқан бірге түскен сурет таралып, көпшіліктің қызу талқысына себеп болды.

Мөлдір Мұқан іссапармен Қырғызстанға барған. Осы сапар барысында оның Тұрсынбек Қабатовпен бірге түскен фотосы әлеуметтік желілерде жарияланып, оқырмандар арасында түрлі пікір туғызды.

Желі қолданушыларының бір бөлігі мұны қос жұптың қайта жарасқанымен байланыстырса, енді бірі бір ғана суретке қарап нақты қорытынды жасауға болмайтынын айтуда.

Әзірге Тұрсынбек Қабатов та, Мөлдір Мұқан да тараған суретке қатысты ресми пікір білдірген жоқ. Соған қарамастан, желі қолданушылары олардың әлеуметтік желідегі белсенділігіне назар аударып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Тұрсынбек Қабатов өзінің Instagram парақшасына Мөлдір Мұқанмен түскен бұрынғы суреттерін қайта жариялаған. Осыдан кейін көпшілік арасында түрлі болжам көбейді. Сонымен қатар, желіде әзілкештің екінші әйелі Айманның парақшасы көрінбей кеткені де талқылануда.

Threads желісіндегі қолданушылардың бірі:

«Тұрсынбек Мөлдірмен түскен фотоларын инстасына қайта шығарып қойыпты. Қуанып тұрмын. Айман әпшеміз инстадан жоқ болды. Не болды екен?» — деп жазған.

Осыдан кейін желі қолданушылары жаппай пікір білдіріп, түрлі көзқарасын ортаға салды.

Пікірлер арасында «Адасқанның айыбы жоқ»,  «Ат айналып қазығын табады», «Мөлдір қайта қабылдаса, дұрыс шығар», «Ортадағы балаларға обал»,- деген жазбалар көптеп кездескен.

Қазіргі таңда бұл жағдайға қатысты нақты мәлімдеме жасалмағандықтан, желідегі ақпараттар тек көпшіліктің болжамы ретінде қабылдануда.

Сәйкес жаңалықтар

Отбасыммен сайлауға бардым

bairakkz

Мақпал Жүнісова зейнеткерлікке шықты

bairakkz

Дзюдодан әлем чемпионаты: Қазақстан командасы төртінші жарыс күнінде де жүлдесіз қалды

Ришат