Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақЖаңалықтар

Маңғыстауда Жеңіс күніне арналған театрландырылған қойылым байқауы өтті

Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы Жеңіс күнін ұлықтау мақсатында «Жеңіс рухы» атты театрландырылған қойылым байқауын өткізді. Бұл мәдени шара Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылып, жастарға патриоттық тәрбие беруге бағытталды.

Байқауға аймақтағы кәсіптік және техникалық оқу орындарының студенттері қатысып, тарихи шындыққа негізделген мазмұнды қойылымдар ұсынды. Сахнада майдандағы жауынгерлердің ерлігі мен тылдағы халықтың жанкешті еңбегі көрініс тапты.

Қазылар алқасының шешімімен Есенов колледжі бірінші орынды иеленсе, екінші орын Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы педагогикалық колледжге, ал үшінші орын Маңғыстау энергетикалық колледжіне бұйырды. Сонымен қатар, Каспий педагогика және салалық технологиялар колледжі мен облыстық медициналық колледждің өнерпаздарына алғыс хаттар табысталды.

Жеңімпаздарға естелік сыйлықтар табыс етіліп, барлық қатысушыларға құрмет көрсетілді.

«Жеңіс рухын жас буынның бойына сіңіру – біздің борышымыз. Бұл байқау арқылы біз тек тарихты еске алып қана қоймай, бейбіт өмірдің бағасын ұғынуға үндейміз. Қатысқан барлық студенттерге, ұстаздарға және қазылар алқасына алғысымызды білдіреміз», — деді қатысушылар.

Сәйкес жаңалықтар

Арман Оспанов желтоқсан айында жекпе-жекке шығады

Ришат

Қазақстан дзюдосын әлемге танытамын — Нұрлан Үсенов

bairakkz

Қазақстан спортшысы әлем кубогында топ жарды

bairakkz