Әлеуметтік желі қолданушысы BI group компаниясы бейресми ұжымдық шараға қатыспағандардың жалақысынан ақша ұстап қалатынына шағымданды, деп хабарлайды bairak.kz.
Өйткені компанияның 30 жылдығына орай ұйымдастырылған жиынға келмегендерге 256 мың теңге айыппұл салынады деген. Ол мұндай талап әділетсіз екенін айтып отыр.
Құрметті BI group басшылығы, корпоративтік кешіңізге қатыспаған қызметкерлердің жалақысын неге ұстайсыз? 21 маусымда Бурабайда 30 жылдық мерейтойға орай ауқымды іс-шараны жоспарлап отырсыз. Енді шараның толық құнын қызметкерден ұстап қалғыңыз келеді, — деп жазды желі қолданушысы.
Оның сөзінше, күйеуі аталған компанияда жұмыс істейді екен.
Ал компания өкілдері ақпарат шындыққа жанаспайды деп отыр.
Мұндай корпоративтік іс-шаралардың барлық шығындарын компания толықтай өз мойнына алады. Қызметкерлер іс-шараға қатысу, көлік, тамақтану және өзге де шығындарды төлемейді. Сондай-ақ, BI Group компаниясының 30 жылдығына орай әрбір 5 000 қызметкерге естелік сыйлықтар табысталды.Жалған немесе шындыққа сай келмейтін ақпаратты тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкелетінін еске саламыз, — делінген жауаптарында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
