Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақЖаңалықтар

Шымкентте өрттен зардап шеккен тұрғындар жаңа пәтерге қол жеткізді

Фото: Шымкент қалалық әкімдігі

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков 1 Мамыр көшесінде болған өрт салдарынан баспанасыз қалған тұрғындарға жаңа пәтерлердің кілтін табыстады, деп хабарлайды bairak.kz.

Өрт салдарынан 19 пәтерлі екі қабатты тұрғын үйдің 11 пәтері жарамсыз болып, бірнеше отбасы үйсіз қалған болатын. Қала басшысы жағдайды өз бақылауына алып, тұрғындармен кездесіп, баспанамен қамтамасыз ету мәселесін жедел шешті.

Нәтижесінде, зардап шеккен азаматтарға «Шымкент Сити» және «Тұран» шағынаудандарынан жаңа пәтерлер ұсынылды. Тұрғындарға пәтер кілтін табыстау кезінде Ғабит Сыздықбеков оларға амандық, жайлы өмір және береке тіледі.

Айта кетейік, оқиға 18 маусым күні орын болған. Екі қабатты тұрғын үйдегі өрт салдарынан 11 отбасы үйсіз қалған еді.

Сапар барысында қала әкімі Абай ауданында жүргізіліп жатқан кәріз жүйесінің құрылысымен де танысты. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Жоспарға сәйкес, жоба шілде айының соңына дейін толық іске қосылады. Бұл инфрақұрылым жақын маңдағы тұрғын алаптарды сапалы қызметпен қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, әкім «Тельман» шағынауданында салынып жатқан 1200 орындық мектептің құрылысын тексерді. Бұл нысан 2025–2026 оқу жылында пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Құрылыс басқармасы мен мердігер мекемеге жұмысты сапалы әрі мерзімінде аяқтау тапсырылды.

Сонымен қатар, Әл-Фараби ауданындағы 35748 әскери бөлім аумағында бой көтерген балалар мен спорт алаңдарына арнайы сапар ұйымдастырылды. Қалалық әкімдік мұндай жобалардың әскери қызметшілер мен олардың отбасыларына әлеуметтік қолдау көрсетіп, бос уақытты тиімді өткізуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Сол күні қала басшысы Еңбекші ауданындағы Момынов көшесінің бойында салынып жатқан жолайрықтың құрылыс жұмыстарын тексерді. Қала әкімі құрылыс сапасы, мерзімі және ирригациялық жүйелердің орнатылуы мәселелері бойынша мердігер компаниямен жұмыс кеңесін өткізді.

Сәйкес жаңалықтар

Атырауда сауда орталығында жасөспірім биіктен құлап, жарақат алды

bairakkz

Қазбек Ибрашев дүниеден озды

Ришат

ҚАРАША МЕН ЖЕЛТОҚСАНДА ҚАНДАЙ ЖАРЫСТАР БАР?

bairakkz