Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Алматыда Амантай қажы жаңа көпірді бояп, айыппұл арқалады

Фото: threads/asshimova

83 жастағы белгілі қоғам белсендісі Амантай қажы тағы да даудың ортасында қалды. Алматыда ол жаңадан жөндеуден өткен көпірдің тірегіне аэрозольді бояумен сурет салғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды bairak.kz.

Threads әлеуметтік желісінде жарияланған суретте қарияның Сейфуллин мен Райымбек даңғылдарының қиылысындағы көпірге сурет салып жатқан сәті бейнеленген. Жергілікті тұрғындар бұл әрекетке наразы болып:
Жаңадан салынған көпірді өз карикатурасымен бүлдірді. Мұндай адамдарды қоғамдық жұмысқа тарту керек. Өзінің бүлдіргенін өзі өшірсін, – деп пікір қалдырған.

Көп ұзамай желі қолданушылары фотодағы адамның атышулы Амантай қажы екенін таныды.

Алматы қалалық полициясы бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме берді:
Құқық бұзушы қаланың көркін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар оған профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді, – делінген хабарламада.

Құзырлы орган қала көшелерінің тазалығы мен сақталуы барша тұрғындардың ортақ міндеті екенін еске салды.

Айта кетейік, бұған дейін Амантай қажы баспалдақта тұрған әйелді итеріп жіберіп, оның сүйегі сынып қалғаны туралы оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырған. Сол жайтқа байланысты оның сот алдында жауап беруі мүмкін екені хабарланған болатын.

Сәйкес жаңалықтар

178 келілік қазақ сумошысы жанкүйерлердің ортасына опырылып түсті

bairakkz

Ірі есеп тіркелді

bairakkz

«СПОРТ ШЕБЕРІ «: БОКСТАН ДӘУКЕН СМАҒҰЛОВТЫ ЕСКЕ АЛУ ТУРНИРІ ӨТТІ

bairakkz