Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Әйгілі Backstreet Boys тобы Алматыға келді

Фото: Видеодан скрин

Әйгілі америкалық поп-топ Backstreet Boys 18 қыркүйекке қараған түні Алматыға табан тіреді, деп хабарлайды bairak.kz.

Әуежайда жанкүйерлер сүйікті топтарын ыстық ықыласпен қарсы алды. Олар музыканттарға қазақы дәстүрге сай тақия кигізіп, ұлттық бренд саналатын «Қазақстан» шоколадын сыйға тартты.

Топ мүшелері бүгін Алматыда демалып, қаланы аралауы мүмкін. Ал ертең, 19 қыркүйекте Орталық стадионда көптен күткен концерт өтеді. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, стадион есігі жанкүйерлер үшін 15:00-де ашылады, ал шоу 20:00-де басталады.

Backstreet Boys Алматыдағы концерттен кейін елордаға жол тартады. 21 қыркүйекте олар «Астана Аренада» қазақстандық тыңдармандарымен қайта қауышпақ.

Сәйкес жаңалықтар

«Қайрат» күтпеген жерден Чемпиондар лигасында жеңіліс тапты

bairakkz

Құрбан айт пен экспорт сұранысы қой етінің бағасын қымбаттатты – вице-министр

bairakkz

Депутат Мақсат Толықбай фонограммамен ән айтуға тыйым салуды ұсынды

bairakkz