Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарОқиғалар

«Аттың жалына байлап сүйреген»: Жетiсу облысында ер адам әйелін азаптап өлтірді

фото: скрин

Жетісу облысы Ақсу ауданы Баласаз ауылында 32 жастағы Айзат Жұманова күйеуінің қолынан мерт болды, деп хабарлайды  bairak.kz.

32 жастағы марқұмның туыстары қаралы қазаға күйеубаласы Жанболат Айбарды кінәлап отыр. Туыстары әйелді күйеуі арқанмен аттың жалына байлап, сүйреген деген болжам айтады.

Медициналық қорытындыда көрсетілген жарақаттар:

  • Бас-ми жарақаты (ЗЧМТ);
  • Ми ісінуі;
  • Бас сүйегі негізінің сынуы;
  • Жамбас және аяқ-қол сүйектерінің көп жерден сынуы;
  • Терінің бірнеше жерден сылынып кетуі;
  • Буын байламдарының үзілуі;
  • Қол мен білектегі терінің толықтай сырылып кеткені;
  • Денеде жерге сүйрелу іздері бар.

Қазіргі таңда полиция қылмыстық іс қозғады.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу ісі облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында. Қылмыстық іс аясында қылмыстың толық әрі объективті сипатын анықтауға бағытталған барлық қажетті процессуалдық шара қабылданып жатыр. Айғақтар жиналып, мұқият сараптама жасалып жатыр, сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, қазіргі уақытта жүргізіліп жатыр. Барлық тараптың уәждері мен нұсқалары тексеріліп жатыр, — деп хабарлады полиция.

Айта кетейік, желіде ер адамның Ақсу ауданы Арасан ауылдық округі әкімінің сайлауына үміткер болғаны туралы ақпарат тарады.

Тағы бір ауыр жайт Айзат жүкті болған және бүкіл оқиға оның екі жасар қызының көз алдында болған. Қазір бүлдіршін терең күйзеліске түсіп, күн сайын анасының атын атап жылайды.

Сәйкес жаңалықтар

Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды

bairakkz

АЛҒАШҚЫ ТУР АЯҚТАЛДЫ

bairakkz

Атырауда допингке қарсы семинар өтті.

Ришат