Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСпорт

«Ордабасы» еурокубокпен қоштасты

globalnews.kz

Шымкенттің «Ордабасы» клубы еурокубок ойындарымен қоштасты. Бүгін UEFA Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңінің қарымта матчтында  Грузияның «Торпедо» (Кутаиси) командасын жеңе алмады, деп хабарлайды  bairak.kz.

Шымкенттегі ойында жанкүйерлер көптеп жиналды. Жергілікті командаға барынша қолдау көрсетті. Алаң иелері алғашқы минуттан шабуылдағанымен, қарсылас қақпасынан саңылау таба алмады. есесіне, «Торпедо» 13 минутта есеп ашты. Ираклий Бидзинашвилидің алыстан тепкен добын Челядник қайтара алмады.

кінші кезеңде грузиялық командадан Соломон Кверквелия 49-минутта қызыл қағазбен алаңнан қуылды. Соған қарамастан «Торпедо» тоқсаныншы минутқа дейін басымдықты сақтап тұрды. Ойынның 95-минутында «Ордабасы» сапынан Абылайхан Жұмабек таразы басын теңестірген еді. Бұдан әріге Шымкент командасының шамасы жеткен. Екі матчтың қорытындысы бойынша «Торпедо» келесі кезеңге өтті.

Сәйкес жаңалықтар

Ұлттық Банк инфляцияны тежеу үшін базалық мөлшерлемені 18%-ға дейін көтерді

bairakkz

Әуе билеттері неге арзандамады? Депутат министрлікті сынға алды

bairakkz

Жаңаарқа ауданындағы шахтадан қаза тапқандардың суреті жарияланды

bairakkz