Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарОқиғалар

Жетісайда әйелді көміп, атпен таптаған қаскөй 20 жылға сотталды

Kazislam

Түркістан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ауылдасын азаптап өлтірген ер адамға үкім шығарды, деп хабарлайды bairak.kz.

Жетісайда 38 жастағы Айгерім Әжікееваны шөп байлайтын жіппен буындырып, кейін денесін үйінің алдына көміп тастаған Төрехан Ералханов 20 жылға сотталды.

Тергеу материалдарына сәйкес, ол әйелін шөп байлайтын жіппен буындырып өлтіріп, денесін өз үйінің ауласына көмген. Сотта белгілі болғандай, бұл оның алғашқы қылмысы емес.

Бұған дейін екі рет ауыр қылмыс жасап, сотталған. Бір іс бойынша психиатриялық тексеру қорытындысымен арнайы медициналық мекемеге жіберілсе, екіншісінде 10 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын толық өтемей бостандыққа шыққан.

Сот төрағасы Дәурен Мадалиевтің айтуынша, айыпталушының әрекеттері ерекше қатыгездікпен жасалғанын дәлелдейтін жайттар аз емес.

Қылмысты 8:20 мен 9:00 аралығында жасағанын өзі мойындады. Сол күні кешкісін, шамамен сағат 21:00-де, туған інісін шақырып, үйінде лото ойнатқызған. Бұл – оның салқынқанды мінезін айқын көрсетеді, – деді судья.

Қанды оқиғаға байланысты жәбірленуші тараптың да үкімге көңілі толмай отыр.

«Біз 20 жылға келіспейміз. Бұл – бір емес, екі емес, үш адам өлтірген адам. Мұндай қылмысқа қатаң үкім керек. 20 жыл аз деп есептейміз», – дейді марқұмның әпкесі Жақсыгүл Әжікеева.

Еске салайық, бұған дейінекі ай бұрын жоғалып кеткен Айгерім Әжікееваның денесі қорланған күйі ауласынан табылған еді. Қылмыскер әйелін үйдің артына тыр жалаңаш күйде көміп, үстіне топырақты сеуіп тастаған. Оның үстіне шөп қойып, сол жерге атты байлап қойған.

Сәйкес жаңалықтар

Мәжіліс депутаттары Түркістан облысындағы шаруалармен жүздесті

bairakkz

Мерзімі өткен жүргізуші куәлігін енді eGov арқылы ауыстыруға болады

bairakkz

Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан энергетикалық жүйені интеграциялау жөніндегі келісімге қол қойды

bairakkz