Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Өрт сөндірушілерге әскери қызметшілермен тең тұрғын үй төлемі берілетін болды

Фото: ҚР ТЖМ

Қазақстанда өрт сөндірушілер мен азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері әскери қызметшілермен тең дәрежеде тұрғын үй төлемдерін алатын болды, деп хабарлайды bairak.kz.

Үкімет қаулысымен азаматтық қорғау органдарының лауазымдар тізімі бекітіліп, ТЖМ қызметкерлеріне тұрғын үйге байланысты төлемдер қарастырылды.

ТЖМ дерегінше, бұл шешім – күн сайын елдің қауіпсіздігі үшін еңбек етіп, азаматтық қорғаудың маңызды міндеттерін атқарып жүрген қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын күшейтудегі тарихи қадам.

Осы уақыттан бастап ТЖМ қызметкерлері әскери қызметшілер сияқты тұрғын үй төлемдерін алу құқығына ие болады. Қазірдің өзінде оларды тұрғын үйге мұқтаж деп тану және төлемдерді рәсімдеу жұмыстары басталып кеткен.

Бұл бастама – жай ғана ресми шара емес, Отанға адал қызмет етіп, қоғам мен әрбір азаматтың қауіпсіздігі үшін өз өмірін тәуекелге тігетін мамандарға көрсетілген мемлекеттік қамқорлықтың айқын көрінісі. Ол әділдікті қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың мәртебесін көтеруге бағытталған, – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.

Сәйкес жаңалықтар

Украинада соғысқан екі қазақ босатылды

bairakkz

САМБОШЫЛАР ЕРЛЕДІ

bairakkz

Атырауда допингке қарсы семинар өтті.

Ришат