Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

«Баламды әлімжеттік жасаған баланың алдына жығып берді»: журналист «NURORDA» мектебін тексеруді талап етті

Яндекс

Астанадағы «Нұрорда» мектеп-лицейі жанында дау шықты. Журналист Альбина Атеннің айтуынша, оның 12 жастағы ұлы буллингке ұшыраған, алайда білім ордасының әкімшілігі мәселені шешудің орнына, ата-анасына қысым көрсеткен, деп хабарлайды bairak.kz.

Бұған дейін ол әлеуметтік желіде ақылы мектептегі әлімжеттік жайлы ашық жазба жариялаған. Осыдан кейін мектеп әкімшілігі жазбаны өшіруді талап етіп, бопсалауға кіріскенін айтады.

Журналистің сөзінше, оқу жылы басталғаннан бері ұлы сыныптасы тарапынан жүйелі түрде маза таппаған. Бірақ мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер тек ескерту жасаумен шектеліп, түбегейлі шара қабылдамаған.

Алғашында балама «ұстазыңа айт, ол тоқтатады» дедім. Бірақ мұғалім мәселені шеше алмайтынын мойындады. Директорға барғанымда ол бәрін реттеймін деп сендірді, бірақ жағдай өзгермеді. Ақыры ұлым күн сайын қысым көріп жүрді, – дейді Атен.

Жағдай ушыққаннан кейін ол буллинг жасаған баланың анасына барып, әңгімелеспек болған. Алайда анасының жауабы таңғалтқан: «Бала деген төбелесіп шешуі керек» деген.

Альбинаның айтуынша, кейін ұлын мектеп әкімшілігі қарсыласынан кешірім сұрауға мәжбүрлеген.

Жәбір көрген ұлымды өзіне әлімжеттік жасаған баланың алдына жығып берді. Бұл – балам үшін үлкен соққы болды, – деп ашынды журналист.

Кейін буллинг жасаған баланың анасы полицияға арыз түсірген. Осыдан соң Альбина шындықты жасырмай, мектептің шынайы бет-бейнесін ашық айтуға бел буғанын жеткізді.

Бұл – тек менің ұлымның емес, басқа балалардың да мәселесі. Сондықтан мектепті арнайы тексеру қажет, – деді ол.

Сәйкес жаңалықтар

ЛОЗАННА – 2020: ЖҮЛДЕСІЗ ОЛИМПИАДА

bairakkz

Жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелген жүргізушілер үшін жаңа жеңілдіктер

bairakkz

Қазбек Ибрашев дүниеден озды

Ришат