Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақЖаңалықтар

Көксу ауданының 80 жылдығы тойланып жатыр

Бүгін Көксу ауданы Балпық би ауылында ауданның 80 жылдық мерейтойына арналған «Кенен жерім Көксуым» атты мерекелік іс-шаралар өтті. Бұл туралы Bairak.kz Жетісу облысы әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мерекелік шараға облыс әкімі Бейбіт Исабаев, алыс-жақыннан келген қонақтар, аудан жұртшылығы қатысты. Меймандар алдымен қолөнер бұйымдары, қылқалам шеберлерінің туындылары, көрнекті тұлғалардың өмірі мен еңбегіне қатысты бұйымдар қойылған көрмемен танысты. Салтанатты шараның шымылдығын ашқан Мұқыры халық театры көпшілікке ауданның құрылу тарихын баяндайтын театрлық көрініс ұсынды.
Көксулықтарды мерейлі тойымен құттықтаған Бейбіт Исабаев Ескелді би, Балпық әулие, Қабылиса жырау, Қалқа Жапсарбаев, Социалистік Еібек Ерлері Нұрмолда Алдабергенов, Зылиха Тамшыбаева сынды күллі қазаққа ортақ тұлғалардың алтын бесігі болған өңірдің бүгінгі жетістіктері көңіл қуантатынын тілге тиек етті.
Мұнан соң мерейтойға арнап шығарылған «Құтқа құндақталған Көксуым» атты кітаптың тұсауы кесіліп, «Көрікті мекен-Көксуым» атты ақындар мүшәйрасының жеңімпаздары марапатталды.
Осы күні көпшілік назарына мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылып, түрлі спорттық ойындар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, арқан тартыс, қошқар көтеру, қол күрес, гір көтеру, кермеге тартылу, көкпар, құнан бәйге, аламан бәйге жарыстары өткізілді.
Еске салсақ, Көксу ауданы 1944 жылы 8 мамырда құрылған. Жетісудың солтүстік аймағында қоныс тепкен ауданда 40 мыңға жуық адам тұрады. Облыс орталығынан 18 шақырым жерде орналасқан.

Сәйкес жаңалықтар

Ақтөбеде мектеп бухгалтері 238 млн теңге ақша ұрлаған

bairakkz

Зарина Диас Түркиядағы халықаралық турнирдің чемпионы атанды

bairakkz

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

bairakkz