Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСаясат

Өскеменнің экс-әкімі жаңа қызметке тағайындалды

ШҚО әкімдігі

Бүгін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде кадрлық өзгерістер болды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметіне Өскемен қаласының бұрынғы басшысы Жақсылық Омар тағайындалды, деп хабарлайды bairak.kz.

Бұл туралы облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Бүгін Жақсылық Омарды өзімнің бірінші орынбасарым етіп тағайындадым. Жақсылық Мұқашұлының мемлекеттік қызметте үлкен тәжірибесі бар. Ол 6 жыл бойы облыс орталығының әкімі болды. Өңірдің барлық мәселелері мен тұрғындарының мұң-мұқтажы оған жақсы таныс. Оның жаңа, әрі жауапты қызметке өз білімін, күш-жігерін барынша жұмсайтынына сенімдімін, – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Сәйкес жаңалықтар

Абай еліне рухани тарту: екі бірдей маңызды кітаптың тұсаукесері өтті

bairakkz

«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН – ЖАҢА ӨМІР». Жетісу облысында перзентханада дауыс берілді

bairakkz

Сарапшылар: Қытай жаһандық экономикалық өсімді тұрақты ұстап тұруды жалғастырады

bairakkz