Алматы облыстық соты Еңбекшіқазақ аудандық сотының шешімін жойып, 1993 жылы ажырасқан әйелдің құқығын қорғады, деп хабарлайды bairak.kz.
Сот дерегінше, әйел екі баласымен бірге 1996 жылдан бері бұрынғы күйеуінің атына тіркелген үйде тұрып келген. Осы уақыт ішінде ол мүліктің салығы мен коммуналдық шығынын төлеп, үйді күтіп-баптап отырған.
Алғашқы инстанция әйелдің үйді өз атына рәсімдеу туралы талабын қанағаттандырмаған. Алайда облыстық сот апелляцияны қарап, жылжымайтын мүлік 30 жылдан астам уақыт бойы әйел мен балаларының жалғыз баспанасы болғанын, оның адал иеленуші екенін және тараптардың ауызша келісімі болғанын ескерді. Бұрынғы күйеуі де меншік құқығын тануға қарсы болмаған.
Нәтижесінде сот үйді әйелдің жеке меншігі ретінде рәсімдеу туралы шешім қабылдады.
