Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

«Балаларды бүрге шағып жатыр»: Алматы мектебіндегі жағдайға ата-аналар шағымданды

скриншот

Алматыдағы №127 мектепте оқушыларды бүргелер шағып жатқаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Ата-аналардың айтуынша, балалар күн сайын үсті-басы қышып, шағылған күйде үйге қайтып келеді, деп хабарлайды bairak.kz.

Анонимді хатта ата-аналар балаларының денсаулығына алаңдаулы екенін жеткізген:

Санитарлық-эпидемиологиялық қызметке бірнеше рет өтініш жасадық. Бірақ қабылданған шаралардың нәтижесі байқалмай отыр. Біз балаларымыздың денсаулығына қатты уайымдап отырмыз. Сондықтан бұл мәселені шешуге ықпал ете алатын барлық мекемелерден жедел әрекет етуді сұраймыз, – делінген хатта.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада ата-аналар балалардың аяқтарына өрмелеген жәндіктерді ұстап көрсеткен.

Сәйкес жаңалықтар

Елімізде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мамандардың тізілімі енгізілді

bairakkz

Қазақстандықтар зейнетақы жинағынан тіс емдету мүмкіндігінен айырылуы ықтимал

bairakkz

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёльді тұтқындауға тергеушілер келді

bairakkz