Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлемӘлеуметЖаңалықтар

Үндістанда дәрігерлерге рецептіні анық жазу міндеттелді

The Morning

Үндістанның Пенджаб және Харьяна штаттарының соттары дәрігерлердің қолжазба рецептісіне қатысты маңызды қаулы қабылдады. Құжатта «оқылатын медициналық рецепт – адамның негізгі құқығы, себебі ол өмір мен өлім арасындағы шешуші фактор болуы мүмкін» деп көрсетілген, деп хабарлайды bairak.kz.

Сот дәрігерлерді рецептілерді анық әрі бас әріппен жазуға міндеттеді, ал үкіметке медициналық оқу бағдарламаларына арнайы сабақ енгізіп, екі жыл ішінде электронды рецепт жүйесін толық енгізу тапсырылды.

Үндістан медициналық қауымдастығының президенті Дилип Бханушали ауылдық жерлерде анық жазылған рецепт алу әлі де қиын екенін атап өтті.

Сарапшылардың айтуынша, түсініксіз жазылған рецепт ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Мәселен, АҚШ-та қолжазбаға байланысты жыл сайын шамамен 7 мың адам қаза табады деген дерек бар. Ұлыбританияда да мұндай жағдай тіркелген: көзге арналған дәрінің орнына қате препарат беріліп, науқас химиялық жарақат алған.

Электронды рецепт жүйесі қателерді 50%-ға дейін азайтады деп есептеледі.

Сәйкес жаңалықтар

Төрткүл көз тіккен тартыс

bairakkz

Қайрат Боранбаев маңызды қызметке тағайындалды

bairakkz

ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ДЕЙІНГІ ҚАЗАҚТЫҢ 10 ҮЗДІК СПОРТШЫСЫ КІМДЕР

Ришат