Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтар

Қайрат Боранбаев маңызды қызметке тағайындалды

Фото: olympic.kz

Қазақстан Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев Халықаралық зағиптар спорт федерациясының (IBSA) Атқарушы кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.

Бұл шешім 2026 жылғы 3 тамызда өткен IBSA Атқарушы кеңесінің отырысында ұйым Жарғысының 6.13-бабына сәйкес қабылданды.

IBSA – көру қабілеті бұзылған спортшылар арасында спортты дамытуға бағытталған халықаралық ұйым. Федерация әлемнің 100-ден астам елінің ұлттық спорт ұйымдарын біріктіреді.

Қазақстан Ұлттық паралимпиада комитетінің мәліметіне сәйкес, Қайрат Боранбаевтың халықаралық федерацияның басқарушы құрамына енуі еліміздің паралимпиадалық қозғалыстағы беделі мен ықпалын арттыруға ықпал етеді.

Сонымен қатар бұл тағайындау халықаралық әріптестікті дамытуға, көру қабілеті бұзылған спортшыларды қолдауға арналған бастамаларды жүзеге асыруға және Қазақстанның әлемдік параспорттың дамуына қосатын үлесін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Сәйкес жаңалықтар

Өнерлі жұп таңдау жасады

bairakkz

Жетісу өңірінде мектептік өзін-өзі басқару жүйесін дамытуға ерекше көңіл бөлінуде

bairakkz

Белгілі айтыскер ақын жұбайымен бірге жол апатынан қаза тапты

bairakkz