Астанадағы №1 көпбейінді балалар ауруханасының жас анестезиолог-реаниматолог дәрігері Александр Граб мезгілсіз қайтыс болды, деп хабарлайды bairak.kz.
Ресми мәліметте өлімнің себебі нақты айтылмаған. Дегенмен көптеген ата-ана баласының өмірін құтқарып қалған білікті дәрігердің қазасына қайғырып, көңіл айтуда.
Аурухана ұжымы ресми хабарлама жасап:
Балалар анестезиологы-реаниматологы Александр Васильевич Грабтың қайтыс болғанын терең қайғымен қабылдадық. Ол бүкіл ғұмырын сәбилердің өмірін сақтап қалуға арнады, ұзақ жылдар бойы жансақтау бөлімін басқарды. Білікті маман, мейірімді әріптес әрі үлкен жүректі азамат әрдайым есімізде қалады. Александрдың отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз, – деді.
