Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтар

Қазақстандағы алғашқы АЭС-тің атауы осы айда белгілі болады

Фото: Midjourney

Қазақстанның Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Ғұмар Серғазиннің айтуынша, елімізде салынатын алғашқы атом электр стансасына атау беру жөніндегі комиссия шешімі осы айдың соңына дейін жарияланады.

Ол 25 қыркүйек пен 10 қазан аралығында атауға арналған байқауға өтінімдер қабылданғанын еске салды. Байқауға 27 мыңнан астам адам қатысып, өз нұсқаларын ұсынған.

Конкурстық комиссия шешім қабылдап, нәтижесін егжей-тегжейлі хабарлайды. Жақын арада жарияланады деп ойлаймын. Болжам бойынша, осы айдың соңына дейін белгілі болады, – деді Ғұмар Серғазин.

Бұған дейін агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев АЭС атауына 28 мыңнан астам ұсыныс түскенін хабарлаған еді.

Айта кетейік, ұсыныстарды қабылдау 2025 жылғы 10 қазан сағат 23:59-да аяқталды. Байқаудың басты мақсаты – болашақ станцияның тарихи, мәдени және ұлттық маңызын айқындайтын атауды таңдау.

Сәйкес жаңалықтар

Дулат Исабеков өмірден өтті

bairakkz

ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА ОЙЫНШЫЛАР ТІЗІМІ

bairakkz

Жазира Байырбекова болашақ келінін көрсетті

bairakkz