Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас мемлекеттік санитар дәрігер Сархат Бейсенова елде тұмау індетіне байланысты бірқатар мектептердің қашықтан оқыту форматына ауысқанын хабарлады.
Оның сөзінше, егер бір сыныптағы оқушылардың 20 пайызы тұмаумен ауырса, сол сынып дәстүрлі форматтан уақытша шеттетіледі. Ал сырқаттанғандар үлесі 30 пайыздан асса, толық онлайн оқытуға көшу туралы шешім қабылданады.
Бүгінгі таңда республика бойынша жеті өңірдегі 132 мектептің 1 469 сыныбы қашықтан оқуға ауысты. Аймақтар бойынша жағдай мынадай:
Астана – 24 мектеп, 182 сынып
Шығыс Қазақстан облысы – 57 мектеп, 204 сынып
Абай облысы – 21 мектеп, 276 сынып
Жамбыл облысы – 14 мектеп, 598 сынып
Қостанай облысы – 12 мектеп, 168 сынып
Ақмола облысы – 3 мектеп, 21 сынып
Қарағанды облысы – 1 мектеп, 20 сынып
Сархат Бейсенова жағдай Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан тұрақты бақылауда екенін атап өтті.
