Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтар

Бозжырада алғашқы қонақүйдің құрылысы басталды – Маңғыстау әкімі

Маңғыстау облысына келетін туристер саны артып келеді. 2025 жылдың 9 айында өңірге 350 мыңнан астам турист келіп, көрсетілген қызмет көлемі 17,2 млрд теңгеге жеткен. Бұл туралы облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай Орталық коммуникациялар қызметінде өткен есептік кездесуде мәлімдеді.

Әкімнің айтуынша, Маңғыстау шетелдік туристерді қабылдау көрсеткіші бойынша республикада 3-орында, ал Ақтау әуежайы жолаушылар ағыны бойынша 4-орында тұр. Соңғы бес жылда әуежайдағы жолаушылар саны 70 пайызға өсіп, 1,7 млн адамға жеткен.

Туризм инфрақұрылымын кезең-кезеңімен дамыту бойынша нақты жоспар бар. Алдымен Бозжыра бағытына басымдық беріп отырмыз. Биыл ұзындығы 13,2 шақырым болатын жолдың құрылысы басталды, 2026 жылы электр желісі тартылады. Қазіргі таңда Бозжырада алғашқы қонақүйдің құрылысы басталды, – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Сонымен қатар Бозжыра шатқалында сапар орталығының құрылысы аяқталып, алдағы туристік маусымда пайдалануға беріледі. 2026–2029 жылдары бұл аумақта жалпы құны 17,5 млрд теңге болатын үш туристік жоба іске асырылмақ.

Әкім сондай-ақ 2026 жылдан бастап Қытайдың Үрімші қаласына тікелей әуе рейстері ашылатынын, ал 2026 жылдың екінші жартысында Кендірлі әуежайының құрылысы аяқталатынын айтты.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалды

bairakkz

Қазақстан мен Армения президенттері келіссөз жүргізді

bairakkz

Кенесары ханның өлімі үшін қазақтардан кешірім сұраған әнші қамалды

bairakkz