Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСаясат

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов жалақысы мен жылдық табысын айтты

Фото:gov.kz

Ерлан Ақкенженов жалақысы мен бір жылдағы табысының мөлшерін жария етті. Министрдің айтуынша, декларацияда ол табыс көзі ретінде тек жалақысын ғана көрсеткен.

Журналистермен сұхбат барысында Ерлан Ақкенженов ай сайынғы еңбекақысы шамамен 1,2 миллион теңге екенін мәлімдеді. Сонымен қатар, заңнамаға сәйкес қарастырылған сыйақылар да бар екенін атап өтті.

«Тек жалақы жайлы айтатын болсақ, мен айына 1,2 миллион теңге аламын. Арасында сыйақылар бар. Соларды есептегенде жылдық табысым 20 миллион теңгеден сәл асады», – деді министр.

Оның айтуынша, декларацияда көрсетілген жылдық табыс көлемі осы соманы құрайды және басқа қосымша кіріс көздері тіркелмеген.

Сәйкес жаңалықтар

Ұлытау облысында картоп бағасы қалай болып жатыр? Әкімдік жауап берді

bairakkz

Қазақстанда шетелдік маркетплейстерге салықтық бақылау күшейтілмек

bairakkz

Астанада жылыту маусымы басталды

bairakkz