Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтарОқиғалар

Бас прокуратура Нығматулинге қатысты қылмыстың істің мән-жайын айтты

Ортком

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Нығматулиндерге қатысты қозғалған қылмыстық істердің қазіргі жай-күйі туралы ақпарат берді.

Оның айтуынша, Арғын Нығматулинге іздеу жарияланған. Қарағанды облысында хоккей клубына бөлінген қаражатты жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Сондай-ақ Ерлан Нығматулинге қатысты іс тергеліп жатыр. Ал Нұржан Нұрлановқа байланысты құқықтық көмек көрсету жөнінде Түркияға сұрау жолданған. Барлық аталған істер қазір тергеу сатысында.

Еске сала кетейік, 2025 жылғы 3 наурызда прокуратура органдары бұрынғы Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулинге іздеу жариялаған болатын.

Бұған дейін, өткен жылдың сәуір айында, Бас прокурордың орынбасары Нұржан Нұрланұлы мен Ерлан Зайроллаұлына қатысты шағым түскенін хабарлаған еді.

Сәйкес жаңалықтар

Айзат Жұманованың күйеуін 15 жылға соттау ұсынылды

bairakkz

Еуропа әскері Украинаға кірсе, ОДКБ Ресейге көмекке келеді — Тасмағамбетов

bairakkz

198,5 мың адам МӘСҚ-тен жұмысынан айырылуына байланысты төлем алды

bairakkz