Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарОқиғалар

ШҚО-да жол қызметінің жүргізушісі қаза тапты

YouTube

Қайғылы оқиға Шығыс Қазақстан облысының Северное ауылында болды. Қазіргі уақытта оқиға бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.

Оқиға автожолды қардан тазалау жұмыстары аяқталғаннан кейін, арнайы жол техникасына техникалық қызмет көрсету кезінде болған. Соның салдарынан «ҚАЖсервис» ЖШС облыстық филиалының жүргізушісі ауыр жарақат алған, деп жазады yk-news.kz.

Жедел жәрдем бригадасы дер кезінде шақырылып, қажетті шаралар қабылданғанымен, азаматтың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

№30 жол пайдалану учаскесі республикалық маңызы бар Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары автожолының ең күрделі бөліктерінің біріне қызмет көрсетеді. Бұған дейін қолайсыз ауа райына байланысты бұл бағытта қозғалыс шектелген еді. Ахуал тұрақтанған соң жол қайта ашылған.

Оқиға бойынша қызметтік тергеу басталды. Арнайы комиссия құрылып, мән-жайы мен себептері жан-жақты тексерілуде. Оқиға орнында құқық қорғау органдары мен прокуратура қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдарға, оның ішінде еңбек инспекциясына жолданған.

– Қаза тапқан қызметкердің отбасына қолданыстағы заңнама мен компанияның ішкі регламенттеріне сәйкес қажетті материалдық және ұйымдастырушылық көмек көрсетіледі, – деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалының баспасөз қызметі.

 

Сәйкес жаңалықтар

Депутаттар Балқаш көліне апаратын жолдың жаңғырту жұмыстарымен танысты

bairakkz

Үкімет әлеуметтік масылдықты, алаяқтықты қолдап келді – Тоқаев

bairakkz

Шетелден көлік әкелуге шектеу қойылды ма? Министр жауап берді

bairakkz