Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

АЛАҢДАҒЫ ТАЙТАЛАС

          Талдықорғандағы «Атамекен» ойын-сауық кешенінде Еркін ауылдық округінің 88 жылдығына орай шағын футболдан турнир өтті. Жарысқа 16 команда қатысты.

Шара барысында «Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі әкімінің міндетін атқарушы Қанат Рысбеков сөз алып спортшыларға сәттілік тілеп,  жарысты ашық деп жариялады. Өз кезегінде «халық банк» Ақ бірінші орынбасары Артур Елубайұлы мен каратэден әлем чемпионы Мерей Сүйінов сөз алып ақжарма тілегін ақтарды. Сайысты  ұйымдастыруға мұрындық болған қала әкімдігі мен ауыл азаматтары Нұрлан Ибраев, Болат Чотбаев, Серік Нұрбаев, Асқар Ойшинов, Сақабай Ахметжанов, Рустам Садыков, Рауан Ибраев, Жалғас Қуантаев екенін де айта кеткеніміз жөн.

Дода тартысқа толы болды. Ойын олимпиадалық жүйе бойынша өрбігендіктен әр команда жеңіске жету үшін барын салып ойнады. Ала допты ұршықша иірген спортшылар шағын футболдың озық үлгісін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды «Двд» командасы жеңіп алса, 2-орынды  «Еркін» командасы еншіледі. Ал 3-орын «Көктал» командасына бұйырды. Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер, сондай-ақ үздік деп танылған ойыншылар марапатталды.

 

Сәйкес жаңалықтар

Еліміздің баянды болашағы, бақытты өмірі үшін өнерпаздар отбасы бір кісідей дауыс берді.

bairakkz

Байден Трамппен Украина мен Таяу Шығыстағы жағдай туралы сөйлеседі

bairakkz

Айгүл Иманбаева күйеуімен болған әңгімені жайып салды

bairakkz