Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

Дональд Трамп Ирандағы әскери операция қашан аяқталатынын айтты

Kenny Holston / Poolв / Reuters

АҚШ Президенті Дональд Трамп Иранға қарсы жүргізіліп жатқан әскери операцияның алдағы төрт аптаға созылуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Daily Mail басылымына берген сұхбатында ол операцияның жоспар бойынша жүріп жатқанын және Иранның жоғарғы басшылығының шамамен 48 лауазымды тұлғасы толықтай «жойылғанын» атап өтті.

Трамп сонымен қатар Иранмен келіссөздер жүргізуге дайын екенін, бірақ Тегеран қолайлы сәтті өткізіп алғанын айтты.

Олар келіссөздерді қалайды, бірақ мен: “Сіздерге осы аптада емес, өткен аптада сөйлесу керек еді” дедім, — деді ол.

The Atlantic басылымына берген сұхбатында АҚШ басшысы Вашингтонмен байланыста болған кейбір ирандық келіссөзшілердің соққылар кезінде қаза тапқанын растады.

Еске салайық, 1 наурыз күні Дональд Трамп АҚШ азаматтарына үндеу жасап, Иранның қарымта соққыларынан қаза тапқан үш американдық сарбаз үшін кек алуға ант беріп, Тегеранға жаңа ультиматум қойды.

Бұған дейін Израиль мен АҚШ бірлескен операциясы барысында Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи, қорғаныс министрі Азиз Насирзаде және IRGC қолбасшысы Мохаммад Пакпур қаза тапқаны ресми түрде расталған еді.

Сәйкес жаңалықтар

Зейнетақы жинағын ипотека мерзімін қысқартуға пайдалану ұсынылды

bairakkz

IWF шешімі күшіне енді

Ришат

Тоқаев Франция елшісін қабылдады

bairakkz