Әлемге танымал әнші Энрике Иглесиас Қазақстанда екі ірі концерт өткізеді. Ол 3 қыркүйекте Астана Арена стадионында, ал 5 қыркүйекте Орталық стадион сахнасында өнер көрсетеді.
Билеттердің эксклюзивті алдын ала сатылымы 7 наурыз сағат 12:00-де басталып, 9 наурызға дейін жалғасады. Бұл кезеңде билеттер тек Freedom SuperApp қолданушыларына қолжетімді болады.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, билеттердің бағасы орын мен секторға байланысты 45 мың теңгеден басталады. Стадиондағы орын саны шектеулі болғандықтан және сұраныс жоғары болуы мүмкін екені ескеріліп, сатылым электронды кезек арқылы жүзеге асырылады.
Билетті сатып алған адамға концертке қатысу құқығын растайтын ваучер беріледі. Электронды билеттер іс-шара басталуына үш күн қалғанда жіберіледі. Ұйымдастырушылар барлық билеттер қайтарылмайтынын ескертті.
