Астана қаласы әкімдігі жанындағы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қаладағы LRT пойызының жолақысын 200 теңге көлемінде белгілеуді ұсынды.
Тиісті құжат Ашық НҚА порталында жарияланған. Онда қолма-қол және қолма-қолсыз төлем түрлері бойынша билет құны 200 теңге, ал жеңілдікке ие санаттағы азаматтар үшін жол ақысы тегін болатыны көрсетілген.
Ұсынылған құжат 27 наурызға дейін қоғамдық талқылауға шығарылады.
Сонымен қатар, LRT қызметін пайдалану үшін әрбір жолаушы өз атына арнайы төлем картасын рәсімдеуі тиіс екені айтылған.
Айта кетейік, LRT жобасы Астана қаласының қоғамдық көлік жүйесін дамытуға бағытталған ірі инфрақұрылымдық бастамалардың бірі саналады.
