Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Ауа райы: Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Фото ru.freepik.com

12 сәуірде Қазақстанның барлық өңірінде қолайсыз ауа райы құбылыстары болжанып, дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктердің мәліметінше, ел аумағында тұман, жаңбыр, найзағай, желдің күшеюі байқалады. Кейбір өңірлерде жоғары өрт қаупі де сақталады.

Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Алматыда Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Павлодар облысында түнде батыс пен оңтүстікте тұман күтіледі. Күндіз осы аудандарда батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Түнде және таңертең солтүстік пен шығыста тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік-батыс, батыс желінің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.

Алматы облысында күндіз таулы және тау бөктеріндегі аудандарда өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Сонымен бірге облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында күндіз таулы аудандарда аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Алакөл көлдері маңында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетіп, кей сәтте 25 метрге дейін күшеюі мүмкін. Сондай-ақ 12-15 сәуір аралығында облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында солтүстік пен шығыста жаңбыр мен найзағай, ал оңтүстікте найзағаймен бірге аздаған жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман болжанған. Оңтүстік, оңтүстік-батыс желі шығыста секундына 15-18 метрге дейін күшейеді.

Ақтөбе облысында күндіз солтүстік, шығыс және орталық аудандарда жаңбыр жауып, найзағай болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Жамбыл облысында күндіз таулы аудандарда жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Оңтүстікте және таулы аймақтарда тұман болуы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталып, оңтүстік-шығысында да күтіледі.

Түркістан облысының батысы мен солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыс, батыс желінің екпіні секундына 15-20 метрге жетіп, күндіз кей уақытта 23 метрге дейін күшеюі мүмкін.

Қарағанды облысында түнде және таңертең батыс, солтүстік және шығыс бөліктерде тұман болады. Облыстың батысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында түнде және таңертең батыс, солтүстік және орталық бөліктерде тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысы мен солтүстік-шығысында жаңбыр жауып, найзағай болады. Түнде және таңертең облыстың батысы мен орталығында тұман болжанған. Солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығыста секундына 15 метрге дейін күшейеді.

Қостанай облысында күндіз батыс, солтүстік және шығыс аудандарда жаңбыр жауып, найзағай болады. Осы аудандарда тұман түсуі де мүмкін.

Абай облысында түнде және таңертең батыс пен солтүстікте тұман күтіледі. Солтүстік, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең солтүстік пен шығыста тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан жел облыстың оңтүстігінде секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан облысында күндіз солтүстік пен шығыста жаңбыр жауып, найзағай болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Сәйкес жаңалықтар

Көлік министрі еліміздегі ең нашар жолды көлікпен жүріп өтті

bairakkz

Мейірім лебі: Маңғыстаудың абыройлы ұстазы – Назира Досыбайдың өнегелі жолы

bairakkz

Жетісуда сайлау барысы бақылауда

bairakkz