Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Енді қарызы бар қазақстандықтардың банктік шоттары толық бұғатталмайды

Фото: ЖИ

Қазақстанда қарызы бар азаматтардың банктік шоттарын толық бұғаттау тәжірибесі жойылады. Енді шотқа тек қарыз сомасы көлемінде ғана шектеу қойылады. 

Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков заңнамаға енгізілетін өзгерістер туралы түсініктеме берді. Оның айтуынша, бұған дейін азаматтардан банктердің шоттарды толық бұғаттауына байланысты көптеген шағым түскен.

«Мысалы, адамның белгілі бір айыппұлы немесе басқа да қарызы болса, банктер бүкіл шотты жауып тастайтын. Енді бұл жүйе жетілдірілді. Жеке сот орындаушысы тек қарыз сомасына ғана тыйым сала алады. Яғни, азаматтардың барлық қаражаты толық бұғатталмайды», – деді вице-министр.

Оның сөзінше, қазіргі уақытта бұл өзгерістерді іске асыру үшін банктермен бірлескен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Тиісті хаттар жолданып, жаңа жүйе жақын арада қолданысқа енгізіледі.

Жаңартылған тәртіпке сәйкес, енді жеке сот орындаушылары шотқа тек нақты берешек көлемінде ғана шектеу қоя алады. Осылайша, азаматтардың қалған қаражатын пайдалану мүмкіндігі сақталады.

Сәйкес жаңалықтар

«ГОЛ СОҚТЫ»: БАУЫРЖАН ИСЛАМХАН «ЗЕНИТТЕ» ОЙНАУЫ МҮМКІН

bairakkz

КҮШ АТАСЫН ТАНЫМАС

bairakkz

Перизат Қайратты жаңа іс бойынша тергеп жатыр

bairakkz