Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

«Азапқа төзе білген, қазақтың жанын сезе білген». Ринат Зайытов Шаханов туралы айтты

Фото: Мәжіліс

Түркістан облысының Отырар ауданында Еңбек Ері, көрнекті ақын, халық жазушысы Мұхтар Шаханов ақтық сапарға шығарып салынды.

Қаралы жиынға мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, сондай-ақ ақынның оқырмандары мен қалың жұртшылық жиналды.

Жиынға Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов қатысып, сөз сөйледі.

«Шыншыл ақын бола білу – азаптың ең азабы. Сол азапқа төзе білу – ғажаптың ең ғажабы. Азапқа төзе білген, қазақтың жанын сезе білген. Қызыл империяның дауылынан шайқалмаған, ешкімнен ешқашан да тайсалмаған Мұхаңның жатқан жері жайлы, топырағы торқа, жаны жәннатта болсын…», – деді ол.

Даңқты ақын 19 сәуір күні 84 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

Сәйкес жаңалықтар

Еліміздегі апта ішіндегі кадрлық тағайындаулар

bairakkz

Астанада 50 көше жөнделеді

bairakkz

Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты Қазақстанның ұстанымы қандай

bairakkz