Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарШоу-бизнес

«Адам өледі, ажал қалады»: Біржан Хасанғалиев әкесін еске алды

Фото: Б. Хасанғалиевтің жеке мұрағатынан

Қазақстандық әнші Біржан Хасанғалиев әлеуметтік желіде әкесі, қазақтың көрнекті композиторы әрі әншісі Ескендір Хасанғалиев туралы жүрек тебірентерлік жазба жариялады.

Өнер иесі арада бес жыл өтсе де, әкесінің орны әрдайым ерекше екенін айтып, әсерлі өлең жолдарымен бөлісті:

«Уақыт өтеді,
Ай, күн қалады.
Бақыт кетеді,
Қайғым қалады.
Адам өледі,
Ажал қалады.
Мәңгі тіршілік
Мазамды алады…»

Желі қолданушылары әншінің жазбасына бейжай қарамай, жылы пікірлерін жаудырып, Ескендір Хасанғалиев қазақ музыка өнеріндегі орны бөлек тұлға екенін атап өтті.

Айта кетейік, Ескендір Хасанғалиев – ұлттық өнерге өлшеусіз үлес қосқан дара тұлға. Оның әндері халық жадында сақталып, бүгінге дейін кеңінен орындалып келеді.

Сәйкес жаңалықтар

Абай облысында көлік ішінде екі адам тірідей жанып кете жаздады

bairakkz

АҚШ-та тұратын қазақ боксшысының үйі өртеніп кетті

bairakkz

КӨШ БАСЫНДА – «АСТАНА»

bairakkz