Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтар

Прокурор қоғам белсендісі Оразалы Ержановқа 4 жыл шартты жаза сұрады

Ulysmedia.kz

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында заңсыз шығарылған активтерді қайтарумен айналысатын Elge Qaitaru қоғамдық қорының директоры, қоғам белсендісі Оразалы Ержановқа қатысты сот процесі өтіп жатыр.

qaz.ulysmedia.kz сайтынын мәліметінше, мемлекеттік айыптаушы соттан Оразалы Ержановты 4 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырып, оған пробациялық бақылау тағайындауды сұрады.

Сонымен қатар прокурор белсендіге 5 жыл мерзімге қоғамдық-саяси қызметпен айналысуға тыйым салуды талап етті.

Бұған дейінгі сот отырысында Оразалы Ержанов өзіне тағылған айыптарды мойындамайтынын мәлімдеген болатын. Бүгінгі отырыста да ол осы ұстанымын қайталады.

Әзірге сот үкімінің нақты қашан шығатыны белгісіз.

Еске салайық, белсенді биыл ақпан айының соңында ұсталған. Алғашында оның үйінде тінту жүргізіліп, кейін 10 тәулікке қамалған еді. Полиция бұл іс «сайлау құқықтарын жүзеге асыруға кедергі келтіру» фактісі бойынша тергеліп жатқанын хабарлаған.

Сәйкес жаңалықтар

Тоқаев Азия даму банкінің президентін қабылдады

bairakkz

Биыл 341 мың бала 1-сыныпқа барады

bairakkz

Ашық коды бар қытайлық жасанды интеллект модельдері әлемдік ЖИ-ді демократияландыруда

bairakkz