Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтар

Астанада Құрбан айтқа арналған құрбандық шалу орындары белгіленді

pixabay

Астана қаласында биыл 27-29 мамыр аралығында өтетін Құрбан айт күндеріне орай құрбандық шалу рәсіміне арналған арнайы орындар бекітілді. 

Айт намазы 27 мамыр күні таңғы сағат 06:00-де қаланың барлық мешітінде оқылады.

Құрбандық шалу рәсімі күн сайын сағат 07:00-ден 18:00-ге дейін тек ресми түрде белгіленген орындарда ғана жүргізіледі.

Елордада бұл мақсатта бес арнайы алаң қарастырылған:

Байқоңыр ауданы:

  • «Шанхай» базары – Алаш тас жолы, 34/6
  • «Баракат» базары – А 369 көшесі, 10
  • «Жайлау» базары – Алаш тас жолы, Ц 313 көшесі
  • «Шәушен» шаруа қожалығы – Алаш тас жолы, 136Б

Алматы ауданы:

  • «Ет-Хан» ет цехы – Теміржолшылар тұрғын алабы, Ақжар көшесі, 20

Әкімдік мәліметінше, құрбандық шалу тек арнайы бекітілген орындарда ғана рұқсат етіледі. Мереке күндері санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринариялық талаптарды сақтау міндетті.

Сондай-ақ мамандар тұрғындарға ет өнімдерін тек тексерілген орындардан сатып алуды, сақтау шарттарына мән беруді және жеке гигиена ережелерін қатаң сақтауды ұсынады.

Бұдан бөлек, мал союдан қалған қалдықтарды белгіленген тәртіппен жою қажет екені ескертіліп, оларды тұрмыстық қалдық контейнерлеріне тастауға тыйым салынатыны хабарланды.

Сәйкес жаңалықтар

Тоқаев Трампқа жауап берді

bairakkz

Шерзат Болат ісі: адвокаттар жарыссөзде марқұмның әкесін айыптады

bairakkz

Мемлекет басшысы Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясында сөз сөйледі

bairakkz