Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарОқиғалар

Жетісу облысында жол апатынан бес адам көз жұмды

Видеодан кадр

Жетісу облысында Алматы – Өскемен автожолында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан бес адам қаза тауып, тағы екі адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 26 маусым күні кешкі уақытта Алматы – Өскемен тасжолының 432-шақырымында екі автокөліктің қатысуымен болған.

«Жол апаты салдарынан оқиға орнында екі жүргізуші мен үш жолаушы көз жұмды. Тағы екі жолаушы түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді», – деп хабарлады Жетісу облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, қауіпсіз жылдамдықты таңдауға, арақашықтықты сақтауға және рөлде барынша мұқият болуға шақырды.

Сәйкес жаңалықтар

Самбодан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы 2-орын иеленді

bairakkz

«Әруаққа тағзым» іс-шарасы өтеді

bairakkz

Қайрат Нұртастың әйелі тағы да алаяқтарға тап болды

bairakkz