Қазақстанда 6 шілде – Астана күні 448 сәби өмірге келді. Олардың 223-і ұл болса, 225-і қыз бала. Сонымен қатар мереке күні елордада екі егіз дүниеге келген.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ең көп нәресте Түркістан облысында туған. Өңірде бір тәулікте 67 сәби өмір есігін ашқан.
Одан кейінгі орындарда Алматы қаласы – 44 сәби, ал Шымкент қаласы мен Алматы облысында 40 нәрестеден дүниеге келген.
Министрлік еліміздегі барлық перзентханаларда жүкті әйелдерге тәулік бойы қауіпсіз әрі сапалы медициналық көмек көрсетіліп жатқанын атап өтті. Дәрігерлер босандыру процесін толық бақылап, ана мен сәбиге қажетті медициналық қызметті үздіксіз қамтамасыз етеді.
Ведомство жаңа туған сәбилердің ата-аналарын құттықтап, барлық нәрестеге зор денсаулық, амандық пен жарқын болашақ тіледі.
