Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

1 қыркүйектен бастап бастауыш сыныптарда бағалаудың жаңа тәртібі енгізіледі

Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Қазақстан мектептерінде 1 қыркүйектен бастап 1-4-сынып оқушыларын бағалау тәртібіне өзгерістер енгізіледі.

Бұған дейін жеке бағаланбаған «Цифрлық сауаттылық», «Еңбекке баулу», «Бейнелеу өнері», «Музыка» және «Дене шынықтыру» пәндері бойынша формативтік бағалау жүргізіледі. Сондай-ақ аралық бағалау тоқсанына бір рет өткізіледі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова мәлімдеді.

«Бұл пәндер бастауыш білім берудің жалпы мазмұнына кіреді және әр пән баланың белгілі бір білімі мен дағдысын қалыптастырады. Сондықтан оқу бағдарламасында белгіленген нәтижелердің барлық пән бойынша көрініс табуы маңызды. Ол қосымша жазбаша бақылау жұмыстарын көбейтпейді. Керісінше, бағалау пәннің ерекшелігіне сәйкес сабақ барысында орындалатын практикалық, шығармашылық, жобалық, зерттеу, спорттық, жеке және командалық жұмыстардың нәтижесіне негізделеді», – деді Шынар Ақпарова.

Жаңа тәртіптің мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының әр пән бойынша меңгерген білімі мен қалыптасқан дағдыларын оқу үдерісі барысында жүйелі түрде бағалау.

Сәйкес жаңалықтар

ЫЛДИДАН ШАПСА ТӨСКЕ ОЗҒАН

bairakkz

Бүгіннен бастап қысқы дөңгелек салмаған жүргізушілерге айыппұл салынады

bairakkz

Зарина Диас Түркиядағы халықаралық турнирдің чемпионы атанды

bairakkz